Қазақстанға Таяу Шығыстан 27 рейс орындалып, 4 659 жолаушы елге жеткізілді

07.03.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

ҚР Көлік министрлігің бапасөз қызметінің хабарлауынша, 2026 жылғы 7 наурыздағы жағдай бойынша өңірдегі жағдайдың шиеленісуі басталғаннан бері Қазақстанға 27 рейс орындалып, 4 659 жолаушы елге жеткізілді.
2026 жылғы 5 және 6 наурыз күндері 4 әуе компаниясы 15 рейс орындап, 2 549 жолаушыны тасымалдады.
«Эйр Астана» әуе компаниясы Джидда – Атырау – Алматы бағыты бойынша 3 рейс орындады.

SCAT әуе компаниясы Маскат – Алматы бағыты бойынша 1 рейс орындады.

FlyDubai әуе компаниясы Дубай – Алматы бағыты бойынша 5 рейс және Дубай – Астана бағыты бойынша 2 рейс орындады.

Сондай-ақ Air Arabia әуе компаниясы Шарджа – Алматы бағыты бойынша 4 рейс орындады.
-Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары өңірдегі ағымдағы жағдайды ескере отырып жүріп жатыр, делінген хабарламада.

Осыған дейін Ираннан 66 Қазақстан азаматы елге қайтарылғаны туралы жаздық.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью