Қазақстанға темекі өнімдерін заңсыз әкелген қылмыстық топ ұсталды

10.07.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Фото: Istockphoto.com

Тергеу амалдарына сәйкес, Жамбыл облысының тұрғыны өзіне бағынысты тұлғалар арқылы Қырғызстаннан темекі өнімдерін заңсыз жеткізген.

Контрафактілік өнім Тараз қаласындағы сауда орындары арқылы сатылған. Сондай-ақ Алматы, Шымкент қалаларына, Қарағанды, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстарына жөнелтілген.

«Тергеу барысында 30-дан астам тінту жүргізіліп, жалпы құны 293 млн теңге болатын таңбалаусыз 319 мыңнан астам қорап темекі өнімі тәркіленді. Төленбеген акциздердің сомасы 115 млн теңгені құрады», делінген хабарламада.

Темекі контрабандасының жолын қалай кесуге болады?

Трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында тауарды жеткізу мен өзара есеп айырысуды қамтамасыз еткен Қырғыз Республикасының азаматтары болған.

ҚМА мәліметінше, қаржы ағындарын жасыру мақсатында қылмысқа қатысушылар банктік жүйеден тыс ақша аударуға мүмкіндік беретін бейресми «Хавала» есеп айырысу жүйесін пайдаланған.

«Сот санкциясымен өнімді тасымалдауға пайдаланылған 3 автокөлікке тыйым салынды. 5 күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр. Өзге ақпарат жариялауға жатпайды», делінген хабарламада.

Бұған дейін Қаржылық мониторингі агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін темекі өнімдерін заңсыз дайындап, таратумен айналысқан топтың қызметін тоқтатқаны туралы хабарлаған едік. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью