Қазақстанға жымқырылған 40 миллиард теңге қайтарылды

24.06.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Биыл Қазақстанға 40 миллиард теңгенің жылыстатылған активтері қайтарылды. Бұл туралы ведомствоның бірінші жартыжылдықтағы жұмыс қорытындысы бойынша өткен алқаның кеңейтілген отырысында Бас прокурор Берік Асылов мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Б. Асылов активтерді қайтару және оларды заңды экономикалық айналымға қосу жұмыстарына жеке тоқталды.

"Биыл 40 миллиард теңгенің жылыстатылған активтері қайтарылды: оның 37,7 миллиарды – ақшалай, 2,3 миллиарды – мүлік түрінде", - деп хабарлады Бас прокуратура.

Арнайы мемлекеттік қор есебінен 39 әлеуметтік нысан ашылды: Ақтаудағы жедел медициналық көмек станциясы, Шымкенттегі оқушылар жатақханасы, Астанадағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы футбол стадионы, Балқаш әуежайын реконструкциялау және басқа да жобалар.

Бұған дейін мемлекетке бұрынғы министр Мұхамедиұлына қатысты 1,3 миллиард теңгенің активі қайтарылды. Сөз бұрын экс-шенеунікке қатысы бар компанияның заңсыз иелігінде болған "Қазақ энциклопедиясы" ЖШС-нің 100 пайыздық үлесі туралы болып отыр.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью