Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Қазақстандық астық экспорты соңғы екі айда 2 миллион тоннаны құрады.
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының хабарлауынша, қыркүйек-қазан айларында жаңа астықтың осыншама көлемі сыртқа саудаланған. Былтыр ол 1,8 млн тонна көлемінде болған еді. Мәселен, 2024 жылы Өзбекстанға 738 мың тоннасы жіберілсе, биыл миллион тоннадан астамы жөнелтілген. Ауғанстанға 104 мың тоннасы экспортталды. Былтыр оның көлемі 31 мың тоннаға кем болған. Қырғызстанға асырылған бидай биыл 40 мың тоннаға ұлғайыпты. Әзербайжанға 2024 жылы 18 мың жіберілсе, ал биыл 56 мың тоннасы саудаланды. Түрікменстан былтыр елімізден үш мың тонна астық алдырса, биыл жеті мың тоннасын қабылдапты.