Қазақстаннан БАӘ, Қатар, Сауд Арабиясына барған 4 мыңнан астам турист бар

02.03.2026

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

- Бірнеше елден қазақстандық туристерді қайтару қиындады. Біріккен Араб Әмірліктерінде 2,5 мыңнан астам адам қалып отыр, олардың бәрінде туркодтары бар. Осы адамдардың барлығын «Туристік Қамқор» корпоративтік қоры туристік операторлармен бірігіп, қонақүйлерге орналастырды. Ешкімді далада қалдырмадық, - деді «Туристік Қамқор» корпоративтік қорының директоры Асылхан Есілов.

Оның айтуынша, Сауд Арабиясында 200-ден астам турист сапармен жүр. Олардың бәрі қазір қонақүйлерде.

- Мұнымен қоса, Қатарда 1 мыңнан астам қазақстандық турист тіркелді. Атап айтқанда туркоды бар туристерге қолайлы жағдай жасалған. Ешкімді қалдырмаймыз, олардың жағдайын бақылауда ұстап тұрмыз, - деді корпоративтік қор директоры.

Сонымен қатар ол әуе компаниялары өз міндеттемелерін орындауға әзір екенін, алайда әуе көлігімен сапарлау қаупі сейілмегенін атап өтті.

«Туристік Қамқор» корпоративтік қорының мәліметіне қарағанда, туркодпен барған туристер қонақүймен қамтамасыз етіледі, ал өз күшімен сапарлағандарға мұндай жеңілдіктер қарастырылмаған.

Бұған дейін хабарланғандай, АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған шабуылдары Таяу Шығыс елдеріндегі және одан тыс аймақтардағы әуе қатынасын бұзды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью