Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Қарағанды облысының батысын, шығысын, оңтүстігін тұман басады.
Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с дейін жетеді. Шымкентте таңертең және күндіз кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей уақытта жаяу бұрқасын, көктайғақ болып, тұман басады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с дейін барады. Түркістанда кей уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түсіп, көктайғақ болады. Қызылордада тұман, көктайғақ күтіледі.
Маңғыстау облысының батысында, орталығында жаяу бұрқасын болып, тұман түседі. Сонымен қатар көктайғақ болады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Түнде Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында 25-27 градус өте қатты аяз күтіледі. Ақтауда көктайғақ болады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Оралды түнде және таңертең тұман басады.
Шығыс Қазақстан облысында түнде және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі. Өскеменді түнде және таңертең тұман басады.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында қар жауып, бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі. Шығыстан жел соғады, түнде Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с дейін барады.
Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Жамбыл облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Кей уақытта тұман, көктайғақ болуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, түнде облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында, күндіз облыстың таулы аудандарында жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді. Таразда кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі. Көкшетауды түнде және таңертең тұман басады.
26-28 қаңтарда Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, 27-28 қаңтарда облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Алматыда және Қонаевта түнде және таңертең тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады.
Бұдан бұрын қолайсыз ауа райына байланысты ақтөбелік оқушылар үшінші күн қатарынан онлайн оқитынын жазған едік.