Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
– Аталған қойылым былтыр алғаш рет сахналанып, көрермен тарапынан ыстық ықыласқа ие болған еді. Спектакльде Өзбекәлі Жәнібектің ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрді жаңғырту жолындағы ерен еңбегі, рухани болмысы мен тұлғалық келбеті көркемдік тұрғыда терең ашылады. Өткен жылы Батыс өңірі спектакльді ерекше ықыласпен қабылдады. Биыл Өзбекәлі Жәнібектің туғанына 95 жыл толуына орай бастаманы жалғауды шештік, – дейді жоба жетекшісі, продюсер Қайрат Кенжебекұлы.
Спектакльде тарихи тұлғаның бейнесін нақты көрсетуге ерекше мән берілген.
Фото: видеодан салынған скрин– Алматыда Бауыржан есімді ұлы бар, рұқсатын алдық, ойын айтты. Өзбекәлі Жәнібектің жақындары «көзқарасың, мінезің ұқсады» деп рөліме оң баға берді. Қайтпас қайсар мінезі болмаса, мәдениетіміз ақсар еді деген секілді ойлар айтылады. Көзін көрген кісілермен сұхбаттаса отыра рөлді толықтырдық. Менің мақсатым – образдан шығу, – дейді Өзбекәлі рөлін сомдаған актер Диас Жағыпаров.
Спикерлердің айтуынша, биыл спектакль бұрынғы нұсқамен салыстырғанда толықтырылған, режиссері де ауысқан.
– Гастрольді жоғары деңгейде атқарғымыз келеді. Сапар мамырдың 10-на дейін жалғасады. Алдағы уақытта атамыздың есімін ұлықтап, фильм түсіру де ойымызда. Бұдан бөлек, келесі кезекте академик Қаныш Сәтпаев жайлы спектакль жазылып жатыр, – деп бөлісті жоба жетекшісі.
Еске сала кетейік, бұған дейін Астанада жасанды интеллектінің көмегімен жасалған алғашқы спектакль қойылды.