Қазақстанның 20 өңірінде жаңа форматтағы мектептер салынады министр

29.10.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Қазақстанда инклюзивті білім беруді дамыту, арнайы ұйымдар желісін кеңейту және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды сүйемелдеу үшін мамандар даярлау жалғасуда. Мемлекет басшысының Жолдауда берілген тапсырмаларын жүзеге асыру аясында жаңа форматтағы арнайы мектептер салу көзделген, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Бұл туралы Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова баяндады.

Министрдің айтуынша, білікті мамандарды даярлауға ерекше көңіл бөлінген. Мәселен, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істейтін мамандарды даярлау еліміздің 17 педагогикалық жоғары оқу орнында және 9 колледжде жүзеге асырылады. 2027 жылы колледждер 500-ден астам логопедтер шығаруды жоспарлап отыр. 

Балаларға жеке қолдау көрсетуде педагог-ассистенттер де маңызды рөл атқарады. Білім беру ұйымдарында 7,5 мың педагог-ассистент жұмыс істейді. Биылғы оқу жылында 6 колледжде педагог-ассистенттерді даярлау басталды, 210 студент қабылданды.

Ерекше білім беру қажеттіліктерін уақытылы анықтау мақсатында психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларды ашу нормативтері 40 мың балаға шаққандағы есеппен қайта қаралады, бүгінде 1 ПМПК ашу нормативі 50 мың балаға шаққандағы есеппен айқындалады.

Арнайы ұйымдардың инфрақұрылымын жаңғырту маңызды бағыт болып қала береді. 2024 жылы «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен 99 арнайы мектептің оқу кабинеттері мен шеберханалары жаңартылды. Қормен бірлескен жобаларды жүзеге асыру жұмыстары жалғасатын болады.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды кешенді қолдаудың тиімді ведомствоаралық жүйесін қалыптастыру мақсатында Инклюзивті білім беруді дамытудың 2026–2030 жылдарға арналған ведомствоаралық кешенді жоспары бекітілді. Оны жүзеге асыру ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау жүйесін жетілдіруге және өңірлерде білім беру қызметтерінің қолжетімділігін одан әрі арттыруға бағытталған. 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью