Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында ақпан айының 6-22 күндері XXV қысқы Олимпия ойындары өтеді. Төрт жылдықтың басты додасына 93 елден барлығы 3 500-ден астам спортшы қатысады, деп жазады Egemen.kz.
Фото: Turizm jane sport ministrligi
Қазақстан қысқы Олимпиадаға тоғызыншы мәрте қатыспақ. Ұлттық құрама сапынан Италиядағы додада жалпы саны 36 спортшы (18 ер, 18 әйел) ел намысын қорғайды. Салыстырайық 2022 жылы Қытайдың Бейжің қаласында өткен қысқы Олимпиадаға Қазақстан атынан 34 спортшы (17 ер, 17 әйел) бақ сынаған.
XXV қысқы Олимпия ойындарында Қазақстан намысын қай өңірден неше спортшы қорғайтыны мәлім болды. Қысқы спорт түрлері негізінен солтүстік және шығыс өңірлерде жақсы дамыған. Дегенмен, оңтүстік аймақтардан да спортшылар қатыспақ.
Қысқы Олимпиадаға ең көп спортшыны Алматы қаласы мен Ақмола облысы ұсынып отыр. Алматыдан Миланға 4 спорт түрінен 6 спортшы аттанады. Ал Ақмоладан 2 спорт түрінен 6 спортшы барады.
Олимпиада-2026: Фристайл-акробатикадан ел намысын кімдер қорғайды?
Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, кейінгі орындарға Шығыс Қазақстан, Алматы облыстары, сондай-ақ Астана және Шымкент қалалары жайғасқан. Шығыс Қазақстан облысы мен Шымкент қаласынан 1 спорт түрінен 4 спортшыдан қатысса, Астана қаласынан 3 спорт түрінен 4 спортшы, Алматы облысынан 4 спортшы 2 спорт түрінен өнер көрсетеді. Сондай-ақ Павлодар облысынан 3 спортшы (3 спорт түрі), Қостанай облысынан 2 спортшы (1 спорт түрі) және Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Абай облыстарынан 1 спортшы (1 спорт түрі) сайысады.
Қысқы Олимпиада: Тау шаңғысы спортынан ел намысын кімдер қорғайды?
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанның 36 спортшысы Олимпиадада ел намысын қорғайды
Спорт • Бүгін, 16:43
Қазақстанда 504 ауыл спутниктік интернетке қосылды
Қоғам • Бүгін, 16:12
КТК теңіз терминалында мұнай тиеу қайта іске қосылды
Экономика • Бүгін, 15:52
Американы ақтүтек боран басты: 139 мың адам жарықсыз қалып, төтенше жағдай жарияланды
Әлем • Бүгін, 15:25
Германия АҚШ-тағы алтын қорын елге қайтаруды көздеп отыр
Әлем • Бүгін, 15:06
МӘМС жарнасын жергілікті әкімдік кімдерге төлейді?
Медицина • Бүгін, 14:49
Өскемендегі әскери бөлімде сарбаз өзіне қол жұмсады
Қоғам • Бүгін, 14:34
АҚШ-тағы иммиграциялық дағдарыс: Миннеаполис тұрғындары Трамп саясатына қарсы көтерілді
Әлем • Бүгін, 14:14
Шымкенттегі жаппай төбелес: Кісі өліміне қатысты тағы үш күдікті ұсталды
Оқиға • Бүгін, 13:42
«Арсеналға» қарсы матч: Алматылық клуб Лондонға жол тартты
Футбол • Бүгін, 13:02
Астанада құтқарушылар лифтіде қалып қойған 5 адамды шығарып алды
Оқиға • Бүгін, 12:43
Алдағы үш күнде ауа райы қалай құбылады?
Ауа райы • Бүгін, 12:27
Australian Open-2026: Анна Данилина ширек финалға жолдама алды
Спорт • Бүгін, 12:08
Болгарияны алғаш рет әйел адам басқарады
Әлем • Бүгін, 11:58
«Челси» мен «Ливерпульдің» экс-жұлдызы Виктор Мозес «Қайсарға» ауысты
Футбол • Бүгін, 11:33