Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Оның айтуынша, әуе қатынасының шектеулі болуына байланысты Біріккен Араб Әмірліктері мен Қатарда жүрген Қазақстан азаматтары көршілес 2 ел аумағы арқылы шығарылады.
- Бүгін Дубайдан азаматтарымыз мінген автобустардың алғашқы легі Оман сұлтанатына жолға шықты. Осы күннің соңына дейін Қазақстанның 467 азаматын Оман сұлтандығынан Қазақстанға жеткізуді жоспарлап отырмыз, - деді ол Үкімет отырысынан кейін.
Министр орынбасары Қатардағы азаматтарымыз Сауд Арабиясының Жидда қаласына жеткізілетінін айтты.
- Адамдарды Қатардан автобус арқылы Эр-Ридяқа, одан Жиддаға жеткіземіз. Одан кейін Жиддадан әуе компанияларымыздың бортымен Қазақстанға оралады, - деді Әлібек Бақаев.
Бұған дейін Қазақстан азаматтары Иран аумағынан жер жолдар арқылы шығарылатынын жазған едік.