Қазақстанның алтын резерві 345 тоннаға жетті

10.02.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

 — Өткен жылы алтын-валюта резервтері 65,4 млрд доллар болып, тарихи максимал мәнге жетті. Кірістілік 43% болды. Былтыр ішкі нарықта 66 тонна алтын сатып алып, алтын сатып алу операциялары бойынша әлемде екінші орынға шықтық. Жыл соңында алтын резерві 345 тоннаға жетті, — деді Тимур Сүлейменов.

Сондай-ақ, ол 2025 жылы цифрлық активтер нарығының заңнамалық негізін қалыптастыру жұмысы аяқталғанын айтты.

— Биыл олар өндірістік айналымға енгізіліп, реттелетін криптовалюталар айналымы іске қосылады. Мамыр айына дейін Орталық депозитарий базасында цифрлық активтерді сақтауға арналған ұлттық крипто-кастодиандық сервис құрылады. Қаржылық инновацияларды практикалық тұрғыда іске асыру үшін реттеу ортасы іске қосылды. Қазір онда 10 бағыт бойынша 22 жаңа жоба бар, — деді Ұлттық банк басшысы.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Жиында елдің 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, Үкіметтің алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттері айқындалады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью