Қазақстанның анимациялық фильміне қытайлықтар қызығушылық танытты

14.10.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

АЛМАТЫ, 14 қазан - Sputnik. Қазақстандық "ADAM: Нәртәуекел" анимациялық фильмі Қытайдағы халықаралық кинофестивальдің үздік 15 фильмі қатарына енді. Отандық туындыны жасаған кімдер, қандай жұмыстар жасалды, Sputnik Қазақстан тілшісі автор мен сұхбаттасты.
Қытайдың Сиань қаласында өтетін XIII Халықаралық Жібек жолы кинофестивалі аясында биыл алғаш рет балалар киносына арналған арнайы бөлім — "Жібек жолы балаларының бірге сапары · Балалар кино маусымы" ұйымдастырылды.
Жаңа бөлімнің басты мақсаты — Жібек жолы бойындағы елдер мен аймақтар балаларының кино және мәдениет саласындағы шығармашылық байланысын нығайтып, балалар киносының дамуына қолдау көрсету.
Биыл бұл байқауға Жібек жолы бойындағы мемлекеттер мен өңірлерден 61 балалар фильмі ұсынылған.

© PhotoҚазақстанның анимациялық фильміне Қытай қызығушылық танытып отыр

Қазақстанның анимациялық фильміне Қытай қызығушылық танытып отыр

© Photo

Қазақстандық режиссер Жәнібек Нұрбекұлының "ADAM: Нәртәуекел" атты толықметражлы 3D анимациялық фильмі әділқазылардың арнайы жүлдесін жеңіп алған.

"Жалпы бұл анимациялық фильм туралы идея 2019 жылы пайда болды. Әу баста Тоқтар Әубәкіров ағамыздың құрметіне "Ғарышкер бала - Тоқтар" деп атап жасағымыз келді. 2021 жылы аниматорлар командасы триллерін жасап, 30 минутын аяқтаған едік. Топта 12 аниматор болдық. 2022 жылы қызметімен Алматыға ауысып, 2024 жылы осы анимацияны қайта қолға алдық", - дейді анимациялық режиссер Жәнібек Оразалы.

Режиссерге досы Өнер қырандарындағы белгілі актер Мадияр Серікбаев мультфильмды бірге қайта жасауға қолдау көрсеткен.

"Арада 2 жылы өтті. Мамандардың деңгейі де өсті. Техника да, көзқарас та жаңа. Алдыңғы жасалған 30 минуттық анимацияны толық күресінге тастадық. 2024 жылы бәрін нөлден бастадық. Араға бір жыл салып, мультфильм қазақстандық кинотеатрларда көрсетілді", - дейді анимация режиссері.

© PhotoҚазақстанның анимациялық фильміне Қытай қызығушылық танытып отыр

Қазақстанның анимациялық фильміне Қытай қызығушылық танытып отыр

© Photo

Алайда шығын ақталмаған. Бұл анимациялық фильм Ұлттық киноны қолдау орталығына 3 рет ұсынылып, қолдау таппаған.

Жақында "ADAM: Нартәуекел" анимациясы Қытайдағы халықаралық фестивальден жеңіспен оралды. Қытайлық әділқазылар қазақ аниматорларының еңбегін жоғары бағалаған.

"Жалпы Өнер қырандарымен бірлескен жоба болғаннан кейін, сценарилік мазмұн жағына үлкен мән бердік. Көрерменді бірде күлдіріп, бірде жылататындай мағыналық мазмұнға мән бердік. Анимациялық өнердің техникалық жоғары деңгейлерін де арнайы қостық. Анимациядағы әрбір кейіпкердің әрекеті, қозғалысы сапалы жасалды. Қытайлар біздің осы еңбектерімізді жоғары бағалаған болу керек", - дейді режиссер.

© PhotoҚазақстанның анимациялық фильміне Қытай қызығушылық танытып отыр

Қазақстанның анимациялық фильміне Қытай қызығушылық танытып отыр

© Photo

Фестивальдағы жеңістен кейін, қазақ анимациясына Қытай елі ұсыныс жасаған, мақсаттары - "ADAM: Нартәуекелді" өз елдерінде көрсету. Егер бәрі дұрыс болып, Қытай кинотеатрларында қойылса, фильм осы жылдар ішінде Қытай елінің кинотеатрларында көрсетілген бірінші қазақстандық фильм болуы мүмкін.

Қазіргі уақытта анимация авторлары "ADAM: Нартәуекелді" Қытайға жіберу үшін дубляж жасауға қажетті қаражат іздеу үстінде.
Аталған анимация Қазақстанда жеке қаржыға жасалған алғашқы 3д анимациялық фильм.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью