Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Қазақстанның ақылы жолдарында жалған, жасырылған немесе оқылмайтын мемлекеттік нөмірлерді пайдаланудың екі мыңға жуық жағдайы анықталды, - деп хабарлайды Tengri Auto.
Қазақстанның ақылы жолдарында жалған, жасырылған немесе оқылмайтын мемлекеттік нөмірлерді пайдаланудың екі мыңға жуық жағдайы анықталды, - деп хабарлайды Tengri Auto.
"ҚазАвтоЖол" мәліметінше, Қазақстанның ақылы тасжолдарында жол ақысын төлемеу үшін мемлекеттік тіркеу нөмірлерін жасыратын жүргізушілерге бақылау күшейтілді.
Ақпарат бойынша, мұндай автокөліктер жолақыны жинауға кедергі келтіріп қана қоймай, ЖКО, ЖҚЕ бұзу және жолдағы басқа да оқиғалар кезінде олардың кім екенін анықтауды қиындатады.
Жыл басынан бері жалған, жасырылған, өзгертілген немесе оқылмайтын мемлекеттік тіркеу нөмірлерін пайдаланудың 1 942 дерегі анықталған. Мамандар мұндай көліктер туралы мәліметтер шара қолдану үшін бірден полиция қызметкерлеріне берілетінін атап өтті.
Фото: "ҚазАвтоЖол"
Заңбұзушылықтарға мыналар жатады: бөтен нөмірлерді пайдалану, жалған немесе өзгертілген мемлекеттік белгілерді орнату, сондай-ақ бүркемелеу әдістерін қолдану. Олардың қатарында нөмірді тануға кедергі келтіретін жапсырмалар, перделер, аударылатын рамкалар, электрон панельдер және басқа да құрылғылар бар.
"ҚазАвтоЖол" мемлекеттік тіркеу нөмірі таза және белгіленген орында орнатылуы тиіс екенін еске салды.
Оқылмайтын немесе дұрыс орнатылмаған нөмірлер үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Ал жалған немесе оларды жасыруға арналған арнайы құрылғыларды пайдаланғаны үшін жаза әлдеқайда қатаң - тіпті жүргізуші куәлігінен айыруға дейін барады.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу