Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
АСТАНА, 20 ақпан – Sputnik. Әлеуметтік желіде және кейбір БАҚ-та өтініш берген барлық азаматқа әлеуметтік көмек автоматты түрде тағайындалатыны туралы жаңалық тарады. Алайда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтін хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше әлеуметтік көмек қолданыстағы заңнамада және мәслихаттардың шешімдерінде айқындалған негіздер бойынша тағайындалады, белгіленген талаптарға сәйкестігі құжат жүзінде расталуы қажет.
"eGov порталы арқылы өтініш беру – әлеуметтік көмекке жүгінудің бір тәсілі ғана және оның автоматты түрде тағайындалуына кепілдік бермейді", - деп жазылған хабарламада.
Көмек алушы санаттардың тізбесі, көмекті көрсету шарттары және қажетті құжаттар тізімі әр өңірде мәслихаттар тарапынан жеке-жеке бекітіледі және жергілікті атқарушы органдардың ресми интернет-ресурстарында орналастырылады.
"Барлық түскен өтініш жергілікті атқарушы органдарда белгіленген тәртіппен қаралады. Азаматтарды ақпаратты тек ресми дереккөздерден алуға шақырамыз. Жалған ақпарат тарату заң бойынша жауапкершілікке тартылады", - деп еске салды министрлік.