Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
«Қазгидромет» 12 наурыз күні елдің бірнеше өңірінде ауа райы күрт бұзылатынын болжап отыр, деп жазады Egemen.kz.
Фото: istockphoto.com
Ұлытау облысының түнде батыс, солтүстік және шығыс бөліктерінде қар жауып, боран соғады. Күндіз солтүстік пен шығыста аздаған қар жауып, баяу бұрқасын күтіледі. Батыс пен оңтүстікте тұман түсіп, күндіз көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Қарағанды облысында қар жауып, боран соғады. Шығыс және оңтүстік бөліктерінде тұман түседі. Желдің екпіні кей жерлерде секундына 23-28 метрге дейін күшеюі мүмкін. Қарағанды қаласында да қар мен боран болжанып отыр.
Павлодар облысында қар жауып, боран соғады. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Алматы облысында оңтүстік және таулы аудандарда тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Түнде солтүстікте және таулы аймақтарда 25 градусқа дейін аяз күтіледі. Алматы және Қонаев қалаларында тұман мен көктайғақ болжанып отыр.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде қар мен боран, күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, көктайғақ және боран болады. Желдің екпіні секундына 25 метрге дейін жетуі мүмкін.
Түркістан облысында батыс, солтүстік және таулы аудандарда тұман түсетіні болжанған. Шымкент пен Түркістан қалаларында да тұман түседі.
Атырау облысында желдің жылдамдығы кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Абай облысында солтүстігінде қар жауып, боран соғады. Семейде де осындай ауа райы сақталады.
Батыс Қазақстан облысында тұман мен көктайғақ болады. Орал қаласында түнде және таңертең көктайғақ болжанған.
Ақтөбе облысында түнде кей жерлерде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, баяу бұрқасын және көктайғақ болжанып отыр. Кей аудандарда тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысында солтүстік және шығыс бөліктерінде қар мен боран күтіледі. Өскеменде күндіз қар жауып, боран соғады.
Қостанай облысында түнде қар мен боран, күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, көктайғақ және тұман болады.
Қызылорда облысы мен Қызылорда қаласында тұман күтіледі.
Маңғыстау облысында түнде кей жерлерде тұман түседі.
Ақмола облысында түнде қар мен боран, күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, көктайғақ болады. Желдің екпіні кей жерлерде секундына 30 метрге жетеді. Астана қаласында да қар мен боран күтіледі.
Жамбыл облысында оңтүстік және таулы аудандарда тұман түседі. Таразда да уақытша тұман болады.
Жетісу облысында оңтүстік және таулы аймақтарда тұман күтіледі. Алакөл маңында желдің екпіні секундына 23-28 метрге дейін күшеюі мүмкін. Түнде кей жерлерде 25 градусқа дейін аяз болады.
Соңғы жаңалықтар
Елімізде қай жолдар жабық тұр?
Қазақстан • Бүгін, 09:24
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:12
Сенат төрағасы: Тарихи кезеңде ұлттың бірлігі аса маңызды
Үкімет • Бүгін, 09:00
Бірқатар халықаралық келісімдер ратификатталды
Саясат • Бүгін, 08:55
Шыны зауытындағы бірегей жобалар
Өндіріс • Бүгін, 08:50
Энергетикалық қауіпсіздік – экономикалық тұрақтылық кепілі
Энергетика • Бүгін, 08:45
Еңбек көші-қонында тәуекел көп
Қоғам • Бүгін, 08:40
Мемлекеттік басқару: Жаңа сапаға қадам
Пікір • Бүгін, 08:38
Ағайынды Дүйсен мен Дүйсенбі болыс
Зерде • Бүгін, 08:35
Елдің институционалдық бағдарын қалыптастырады
Ата заң • Бүгін, 08:33
Білім • Бүгін, 08:30
Ата-анаға құрмет – елдік қасиет
Пікір • Бүгін, 08:28
Тәрбие • Бүгін, 08:25
Бір баптың бағасы, бір тармақтың тағылымы
Пікір • Бүгін, 08:22
Наурыз айындағы тестілеу басталды
Білім • Бүгін, 08:20