Қазақстанның батысында маусымдағы қолайсыз ауа райынан мыңнан аса мал қырылып қалған

15.06.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Атырау облысының Жылыой ауданында ұсақ малдың жаппай қырылуы тіркелді. Аномальды ауа райының салдарынан мыңнан астам қой шығын болды. Төтенше жағдай маусым айының басында Сарықасқа және Желтау жайылымдық учаскелерінде болған, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атырау облысының Жылыой ауданында ұсақ малдың жаппай қырылуы тіркелді. Аномальды ауа райының салдарынан мыңнан астам қой шығын болды. Төтенше жағдай маусым айының басында Сарықасқа және Желтау жайылымдық учаскелерінде болған, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алдын ала мәліметтер бойынша, оншақты шаруа қожалығы зардап шеккен. Кейбір шаруашылықтарда 70-ке жуық қой өлсе, ең көп шығын келген қожалықта жүзге жуық мал қырылған.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Атырау қаласының Басты жаңалықтары (@atyrau.today06) жарияланымдарынан

Малдың қырылуына нөсер кезінде жануарлардың қатты тоңуы себеп болған. Жағдайды маусымдық фактор да қиындатты: оқиға болардан сәл бұрын қыстан шыққан мал қырқылып қойған, соның салдарынан олар суыққа төтеп бере алмаған.

Шығын көлеміне қарамастан, зардап шеккен фермерлерге мемлекеттен өтемақы төленбейді. Тиісті ведомствоның түсіндіруінше, жануарлардан инфекциялық аурулар анықталмағандықтан, залалды өтеуге ешқандай негіз жоқ.

"Бұл жағдай бойынша өтемақы төленбейді. Бұл - табиғи апат. Қазіргі уақытта қыстан жаңа шыққан мал әлі қоң жинап үлгермейді. Оның үстіне жануарлардың жүні қырқылған болатын. Жаңбырдың астында қалып, қатты тоңғандықтан мал шығыны болды. Өлімнің басты себебі де осы", - деді Атырау облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының ветеринария бөлімінің басшысы Құдназар Құдназаров.

Ведомство өкілдері өлген малдың өлекселері ветеринар мамандар мен аудандық әкімдіктердің қатысуымен толықтай жойылып, өртелгенін айтты. Өңірдегі эпизоотиялық ахуал тұрақты және бақылауда. Жергілікті жерлерде фермерлермен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Осы жылдың сәуір айында Маңғыстау облысының Қарақия ауданының фермерлері де малдың жаппай қырылғанын хабарлаған болатын. Ол кезде жануарлардың өлуіне нөсер жаңбыр себеп болды. Екі күн ішінде ауданда 550-ден астам мал қырылып, оның тең жартысына жуығы жылқы болған.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью