Қазақстанның батысында жұмыртқадай бұршақ үйлер мен көліктерді зақымдады

08.05.2026

Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданындағы бірнеше ауылда бұршақ жауып, тұрғындарды электр жарығынсыз қалдырды және үйлерді зақымдады. Мұз түйіршіктері үйлер мен шаруашылық нысандарының шатырын тесіп, автокөліктер терезесін сындырған. Тұрғындар табиғаттың тосын мінезін көп жылдан бері көрмегендерін айтады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданындағы бірнеше ауылда бұршақ жауып, тұрғындарды электр жарығынсыз қалдырды және үйлерді зақымдады. Мұз түйіршіктері үйлер мен шаруашылық нысандарының шатырын тесіп, автокөліктер терезесін сындырған. Тұрғындар табиғаттың тосын мінезін көп жылдан бері көрмегендерін айтады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ырғыз ауданының тұрғындары 7 мамырда кешкісін елді мекендерде жауған бұршақтан кейін есін жиып жатыр. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұршақтың көлемі тауық жұмыртқасындай болған.


Әсіресе Шеңбертал ауылы қатты зардап шекті.

Жергілікті тұрғын Думан Ызаш табиғи апаттан кейінгі бүлінген жерлерді көрсетті. Оның үйінің қаңылтырдан жасалған шатыры тесіліп қалған.

Оның айтуынша, қора мен басқа да шаруашылық құрылыстары зардап шеккен.

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

Медалін шешуді ұмытып кеткен қазақстандық спортшы әуежайда қызық жағдайға тап болды

29 сәуір 08:10 1

Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне ресми түрде қосылу рәсімі Астанада өтуі мүмкін

27 сәуір 20:44 1

Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Шаханов өмірден өтті

19 сәуір 22:47 1

"Үйімнің шатыры бұршақтан кейін толықтай бүлініп, жарамсыз болып қалды. Үйдің де, қораның да төбесі қазір осындай күйде. Көршілердің де мүлкі зардап шекті. Енді үйге су өтіп жатыр, алда әлі жаңбыр бар. Ауылдағы жүз үйдің 80-ге жуығы бұршақтан кейін зардап шекті", - деді Шеңбертал ауылының тұрғыны.

Жарма ауылына да оңай тиген жоқ. Шенеуніктердің мәліметінше, қолайсыз ауа райы салдарынан электр желісінің тіректері құлап, тұрғындар кеше кештен бері жарықсыз отыр.

"7 мамырда сағат алты шамасында маған бұршақ салдарынан сегіз электр бағанасы құлағаны туралы хабарланды. Жарма тұрғындары электр энергиясынсыз қалды. Энергетиктер оқиға орнына бірден аттанды. Қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр", - деді Ырғыз ауданының әкімі Нұрлан Қызбергенов.

Ауданда табиғи апаттан келген шығынды есептейтін арнайы комиссия құрылды. Содан кейін ғана зардап шеккен тұрғындар көмек алатын-алмайтыны белгілі болады.

Бұл ретте жергілікті әкімнің айтуынша, аудан билігіне алдын ала жойқын бұршақ болуы мүмкін екендігі туралы ешқандай дауылды ескерту түспеген.

Еске сала кетейік, осыған ұқсас жағдай осыдан бірнеше жыл бұрын Алматы облысында болған еді. Ол кезде Кеген ауылына жұмыртқадай бұршақ жауған болатын.

Қазақстанда үсік жүреді

Ал "Қазгидромет" синоптиктері 9, 10 және 11 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады. Болжам бойынша, Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады - найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп күтіледі. Ауа температурасының біртіндеп төмендеуі болжанады, 11 мамырда елдің солтүстік бөлігінде түнде 1-6 градусқа дейін үсік жүреді деп күтіледі.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью