​Қазақстанның батысындағы жер сілкінісі туралы қауесет расталмады

06.04.2026

Azh.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Әлеуметтік желіде Ақтауда алдағы уақытта жер сілкінісі болады деген бейнематериал тарап жатыр. Алайда, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.

Қоғамдық коммуникациялар орталығы хабарлағандай, әлеуметтік желіге жүргізілген мониторинг барысында TikTok платформасында Ақтауда жақын арада жер сілкінісі болатыны туралы видео анықталған. Бұл мәліметтер ешқандай ресми расталған жоқ.

Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті таратылып жатқан ақпараттың жалған екенін және оған ешқандай негіз жоқ екенін мәлімдеді.

«Мұндай хабарламалар халық арасында негізсіз үрей тудырады және дәйексіз ақпарат тарату болып табылады», — деп атап өтті ведомство өкілдері.

Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды әлеуметтік желідегі тексерілмеген ақпаратқа сенбеуге және күмәнді материалдарды таратпауға шақырды.

Бүгін, 10:09

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью