Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
АСТАНА, 29 қыркүйек – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстанда өндірілген бұқтырылған еттің (тушенка) шетелдік өнімдерге қарағанда не себепті қымбат сатылатынын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Вице-министр Аманғали Бердалиннің айтуынша, бұқтырылған еттің бағасы еттің сапасына қарай белгіленеді.
"Мәселен, Беларусь өнімдерінде пайдаланылатын шикізаттың сапасы біздікімен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Бәрі сиыр етін пайдаланады, бірақ еттің қоңдылығы бар ғой. Жоғары, орташа қоңды және арық мал болады. Сол себепті бағасы да әртүрлі болып шығады", – деді Бердалин үкіметте өткен брифингте.
Бұған дейін вице-премьер Серік Жұманғарин Қазақстанда өндірілетін шұжық өнімдерінің не себепті қымбат екенін айтқан болатын. Оның сөзінше, Қазақстанда еттің сапасы жоғары. Сондықтан одан өндірілетін шұжықтың сапасы да, бағасы да жоғары болады.