Қазақстанның бұрынғы судьясы Айгүл Сайлыбаеваны өлтірудің ықтимал себебі аталды

08.06.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Қазақстандық бұрынғы судья Айгүл Сайлыбаеваның Германиядағы өлімі алдын ала жоспарланған болуы мүмкін. Қылмыстың ықтимал себебі туралы қорғау тарапы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қазақстандық бұрынғы судья Айгүл Сайлыбаеваның Германиядағы өлімі алдын ала жоспарланған болуы мүмкін. Қылмыстың ықтимал себебі туралы қорғау тарапы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Кісі өлтіру алдын ала жоспарланған ба?

Адвокат Жанна Оразбахова "Осторожно: Собчак" YouTube-арнасына берген сұхбатында марқұмның күйеуі Александр Донцов қайғылы жағдайдан көп уақыт бұрын оған қарсы "компромат" жинағанын мәлімдеді. Оның айтуынша, ол ұрыстар кезінде Айгүлдің өзіне және олардың баласына қатысты агрессия танытқан сәттерін әдейі диктофон мен камераға жазып алып отырған-мыс.

Қорғау тарапының пікірінше, күйеуі Айгүлді жағымсыз жағынан көрсету үшін оны әдейі арандатқан. Адвокаттардың пайымдауы бойынша, Донцов қыздары Жаклинді тартып алуға алдын ала дайындалған.

"Өйткені ол бұл жазбаларды алдын ала жасап жүрген, Айгүлді қандай да бір жолмен арандатқан. Біздің болжамымыз бойынша, ол Айгүлдің Қазақстан азаматы, ал өзінің Германия азаматы екенін пайдаланып, баланы тартып алуға дайындалған болуы мүмкін", – деді Оразбахова.

"Осторожно: Собчак" YouTube-арнасы видеосынан кадр

Жанна Оразбахова Александр Донцов Айгүл өлтірілгенге дейін бірнеше ай бұрын қызы Жаклинге Ресей азаматтығын алу үшін құжаттарды ресімдей бастағанын мәлімдеді. Ол бұл туралы Айгүлдің өзіне ескертпеген.

Қорғау тарабы екі нұсқаны қарастырып отыр:: не Айгүл құжаттардың құпия рәсімделіп жатқанын біліп қойып, үйде шыққан жанжалдың соңы оның өліміне әкеп соқты, не болмаса бұл қылмыс бастан-аяқ мұқият жоспарланған.

"Олар оны қашан және қалай өлтіруді, мәйітті қалай алып шығуды білген, тіпті чемоданды да алдын ала әкеліп қойған. Бірақ олар Айгүлдің ата-анасы Германияға соншалықты тез келіп, консулдық қызмет арқылы шұғыл іздеу жариялата алады деп ойламаған. Осы тұста бірдеңе жоспардағыдай болмаған. Олар Айгүлдің мәйіті соншалықты тез іздестіріледі, бәлкім, өзі де жасырынып үлгереді деп есептеген", – деді Жанна Оразбахова өз болжамын бөлісе отырып.

Балаға құжаттар неге жасырын ресімделді

Айгүл Сайлыбаева қаза тапқаннан кейін ғана көптеген жайттардың басы бірігіп, оқиғаның толық көрінісі айқындала бастады. Атап айтқанда, Александр Донцовтың кісі өліміне дейін жарты жыл бұрын қыздары Жаклинге Ресей азаматтығын рәсімдеуге әрекеттенгені белгілі болды.

Ол мұны жарынан жасырған, алайда Айгүл оның елшілікке барғаны туралы кездейсоқ біліп қойған. Бұл туралы марқұмның құрбысы Малика Текенова айтып берді.

"Осторожно: Собчак" YouTube-арнасының кадр

"Оның айтуынша, 2024 жылдың қысында ол былай деп айтқан: Александр мен анасының оның сыртынан әлдебір нәрселерді талқылап жүргені үлкен жанжалға ұласқан. Бұл Айгүлдің ашуын туғызып, ол тіпті ашықтан-ашық: "Не жоспарлап жүрсіңдер?" – деп сұрай бастаған. Оған ешкім ештеңе айтпаған. Кейін ол кейбір құжаттарды тауып алады, онда Александрдың Германияда Ресей Федерациясының азаматтығын алу үшін дайындаған өтініштерін көреді", – деп баяндады марқұмның құрбысы.

Малика Текенова 2024 жылдың қысында Айгүл Сайлыбаевамен соңғы рет кездескен кезде экс-судьяның жағдайы мүшкіл болғанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, кездесу кезінде Александр Донцов жұбайына әр жарты сағат сайын қоңырау шалып, үйіне дереу қайтуын үзілді-кесілді талап еткен.

Сайлыбаева жеке әңгіме барысында құрбыларына отбасындағы жағдайдың "өте нашар" екенін және бұдан әрі шыдау мүмкін емес екенін айтқан. Бірақ Қазақстанда қалып, Германияға оралмау туралы кез келген үгіттен Айгүл үзілді-кесілді бас тартқан. Ол мұны немістің қорғаншылық органдарынан қорқатынымен түсіндірген, себебі күйеуі оны аналық құқығынан айыруға қатысты бірнеше мәрте қорқытқан көрінеді, ол үшін жергілікті ювеналды жүйенің қаталдығын пайдаланған.

"Александр оны аналық құқығынан айыратынын талай мәрте айтқан. Сондай-ақ ол өзінің Германия азаматы екенін, ал Айгүлдің азаматтығы жоқтығын алға тартқан. Айгүл оны Жаклиннен ажыратады деп қорықты", – деп мәлімдеді марқұмның құрбысы.

Сондай-ақ Донцовтың сол кездің өзінде баланы Ресейге алып кетпек болғаны туралы болжам айтылды. Кісі өлтіргеннен кейін ол Жаклинмен бірге Ресейге көшіп кеткен.

Осыған ұқсас оқиғаны Айгүлдің анасы да айтып берді. Шолпан Батқалованың айтуынша, Айгүл Сайлыбаева жоғалғаннан кейін оның құрбылары отбасымен байланысқа шыға бастаған. Туыстары олардан Александр Донцовтың әйелінің келісімінсіз және рұқсатынсыз, жасырын түрде Жаклинге Ресей азаматтығын рәсімдеу үшін Берлиндегі РФ елшілігіне арнайы барғанын білген.

"Осторожно: Собчак" YouTube-арнасының кадры

"Айгүл мұны білгенде Александрдан: "Неге менің рұқсатымсыз беріп жатырсың?" - деп сұрай бастады. Оның не деп жауап бергенін білмейміз, бірақ бұл жағдайдың Айгүлдің келісімінсіз болғаны - анық факт", - деді марқұмның анасы.

Сонымен қатар, әйел маңызды заңгерлік жайттарды бөлісті: Айгүлдің Германиядағы тұруға ықтиярхатының (ТЫХ) мерзімі 2024 жылғы 24 мамырда аяқталуы керек еді. Сайлыбаева алдымен осы құжатты ұзартып, содан кейін ғана ажырасу процесімен ресми түрде айналысуды жоспарлаған.

Ол барлық қажетті құжатты тапсырып үлгерген, алайда қылмыстық іс материалдарына сәйкес, ТЫХ-ты ұзарту туралы дайын құжатты Германияның мемлекеттік органдары ол қайтыс болғаннан кейін – 2024 жылғы 9 маусымда ғана шығарған.

Тағы оқыңыз: Басына қышқыл құйып, денесін чемоданға жасырған. Экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның өліміне қатысты жантүршігерлік мәліметтер айтылды

Айгүл Сайлыбаеваның өлімі

2024 жылғы маусымда Германияда қазақстандық Айгүл Сайлыбаеваның жоғалып кеткені белгілі болды. Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, 5 маусымда Қазақстанның Франкфурт-на-Майн қаласындағы бас консулдығына Қазақстан азаматтары екі күн бұрын жоғалған қызы бойынша жүгінген.

Кейін жоғалған әйелдің денесі Бенсхайм қаласының маңынан табылғаны туралы ақпарат шықты. Немістің Bild басылымы мәйіттің пластик қапта болғанын, ал әйелдің өлім алдында зорлық көргенін хабарлады.

Германияның құқық қорғау органдары адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Германия Сыртқы істер министрлігінің мәліметіне сәйкес, Дармштадт қаласының сот шешімімен Сайлыбаеваның енесі Наталья Донцова күдікті деп танылған. Оған Германия бойынша және бүкіл Еуропа аумағында қамауға алу туралы ордер берілген.

Қазақстан ІІМ бұрынғы судья Айгүл Сайлыбаеваны азаптау дерегі бойынша тергеуді бастаған. Қазақстанда марқұмның күйеуі мен енесіне іздеу жарияланған.

БАҚ мәліметінше, қазір Наталья Донцова Мәскеуде тұрады. Сондай-ақ онда оның "Жоғары экономика мектебі" ұлттық зерттеу университетінде (ЖЭМ ҰЗУ) жұмыс істейтін ұлы Александр да бар.

Айгүл Сайлыбаеваның отбасы кісі өлтірді деген күдіктілердің сотқа тартылуын талап етіп отыр.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью