Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Клубтың Instagram парақшасында жарияланған мәліметке сәйкес, өткен маусымда «Елімай М» командасының сапында өнер көрсеткен Артем Жилин Қазақстанның Екінші лигасында өзін сәтті қырынан көрсетті.
Өткен маусымдағы көрсеткіштері: 20 матч, 3 гол, 2 нәтижелі пас.
Артем Жилин команданың Екінші лигадағы жеңісті маусымына және Бірінші лигаға жолдама алуына елеулі үлес қосты.
Негізгі құрамға іріктеу кезінде ол «Эмирейтс» командасының қақпасына әдемі гол соғып, бапкерлер штабының сеніміне ие болды. Қуатты шабуылымен және батыл ойынымен ерекшеленетін футболшы «Елімайдың» негізгі құрамымен ресми келісімшарт жасасты.
Айта кетейік, 13 қаңтарда 18 жастағы қазақстандық футболшы Біріккен Араб Әмірліктерінің «Эмирейтс» клубына қарсы өткен бақылау матчында (3:0) негізгі команда сапындағы алғашқы голын соқты.
Өткен маусым қорытындысы бойынша Қазақстан Премьер-лигасында «Елімай» төртінші орынға ие болып, клуб тарихында алғаш рет УЕФА Конференциялар лигасының іріктеу кезеңіне жолдама алды.
Еске салайық, Рамазан Оразов «Елімай» командасымен келісімшарт мерзімін ұзартты.