Қазақстанның Иранмен арадағы бірқатар жобасы уақытша тоқтап тұр

16.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

— Қазір ол өңірде жағдай өте күрделі. Дәл қазір сол өңірдегі соғыс жағдайына байланысты Иранмен арадағы біраз жоба уақытша тоқтап қалды. Бұл ретте біздің бизнес пен кәсіпкерлер аталған мәселенің шешілуін күтіп отыр деп ойлаймын, - деді И. Исетов Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып. 

Осы орайда ол тоқтап қалған бағыттардың арасында астық жеткізілімін, сондай-ақ азық-түлік тауарларының өзара саудасы бойынша жобаларды ерекше атап өтті.

— Қазақстан үлкен шығынға ұшырап отырған жоқ, өйткені бұл тауарлар бойынша сауда көлемі елдегі экономикалық жағдайға тікелей әсер етті деп айтуға келмейді. Дегенмен, Иранмен серіктестік қарым-қатынасымыз жақсы екенін ескерсек, әрине, әсері бар. Бірақ бұл көлем соншалықты ауқымды емес, - деді министрлің орынбасары.

Бұған дейін Ирандағы соғыс Қазақстанның астық экспортына қалай әсер етіп жатқанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью