Қазақстанның кейбір өңірінде 40 градусқа дейін аяз болады

26.02.2026

Zakon.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Қазгидромет РМК дерегінше, түнде республиканың екі өңірінде қатты аяз күтіледі:

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында – -40°С-қа дейін;Қарағанды облысының шығысында – -35°С-қа дейін.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан аумағының басым бөлігі антициклон сілемінің ықпалында болады. Соның әсерінен жауын-шашынсыз, ашық ауа райы сақталады.

Ал оңтүстік өңірлерде, сондай-ақ елдің орталығы мен шығысында атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райы құбылмалы болады. Жауын-шашын түседі, оңтүстік өңірлерде кей уақытта нөсерлі жауын-шашын күтіледі. Көктайғақ пен боран болжанып отыр.

Сонымен қатар республика бойынша тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Оңтүстік, оңтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде жел екпіні кей уақытта 25-28 м/с-қа дейін жетеді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью