Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Қазақстанның мемлекеттік қарызы қауіпсіз деңгейде және экономика үшін қатер төндіріп тұрған жоқ. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында қаржы министрі Мәди Такиев мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қазақстанның мемлекеттік қарызы қауіпсіз деңгейде және экономика үшін қатер төндіріп тұрған жоқ. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында қаржы министрі Мәди Такиев мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Отырыс барысында депутат Ерлан Стамбеков мемлекет халықтың несие жүктемесін азайту бойынша қатаң саясат жүргізіп жатқанымен, өзінің борыштық жүктемесін арттырып отырғанына назар аударды. Депутаттың айтуынша, 2025 жылы үкіметтік қарыз өткен жылмен салыстырғанда 4,8 триллион теңгеге өскен. Бұл ретте тартылған қаражаттың едәуір бөлігі экономиканы дамытуға емес, қолданыстағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға және ағымдағы шығыстарға жұмсалып жатыр, деді ол.
"Егер біз азаматтардан қаржылық тәртіпті талап етсек, мемлекет деңгейінде де мұндай тәртіп бірінші кезекте қамтамасыз етілуі тиіс", - деді Стамбеков.
Қаржы министрі Мәди Такиев қаржылық тәртіпті тек азаматтар мен бизнес қана емес, мемлекет те сақтауы керек деген пікірмен келісті. Алайда, оның айтуынша, мемлекеттік қарыз деңгейі мен оған қызмет көрсету құнын бөліп қарау қажет.
Такиев 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттік қарыз 36,4 триллион теңгені немесе ЖІӨ-ге шаққанда 22,8 пайызды құрағанын хабарлады. Оның сөзінше, бұл көрсеткіш ЖІӨ-нің 32 пайызы көлемінде белгіленген шекті деңгейден төмен болып қалып отыр.
"Бүгінде мемлекеттік қарызды басқаруға болады, әзірге ешқандай кері әсерін көріп отырған жоқпыз", - деді министр.
Ол ескі міндеттемелерді өтеу үшін жаңа қарыздарды пайдалану кең таралған халықаралық тәжірибе екенін атап өтті. Қаржы министрлігі басшысының айтуынша, Қазақстан халықаралық капитал нарықтарына бірнеше рет шығып, соңғы жылдары қарызды төменірек мөлшерлемелермен қайта қаржыландырған.
Бұдан бөлек, министр Қазақстанның жақында Қытай нарығында панда-облигацияларын орналастырғанын еске салды. Оның айтуынша, ел алғаш рет жылдық 1,9 пайызбен 500 миллион доллар тартты.
"Бұл өте төмен мөлшерлеме. Осылайша біз квазимемлекеттік секторымыз үшін бағдар қалыптастырдық", - деді Такиев.
Қаржы министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта мемлекеттік қарыз көлемі шамамен 36,8 триллион теңгені құрайды, бұл ЖІӨ-нің шамамен 20 пайызына тең. Ведомствоның бағалауынша, борыштық жүктеменің қазіргі деңгейі бақылауда қалып отыр.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу