Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
«ҚазТрансОйл» АҚ көктемгі су тасқыны кезеңінің басталуына байланысты тәуекелдердің алдын алу және мұнайды үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдағаны туралы хабарлады.
Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және басқару мақсатында компанияда арнайы комиссия құрылғанын атап өтті компания. Өндірістік қызметке су тасқынының әсерін болдырмауға бағытталған профилактикалық жұмыстар 2025 жылдың соңында басталды.
Компанияның барлық құрылымдық бөлімшелерінде өндірістік объектілердің жай-күйіне күшейтілген бақылау режимі енгізіліп, магистральдық мұнай құбырларына, сорғы станцияларына, резервуарлық парктер мен гидротехникалық құрылыстарға тәулік бойы мониторинг ұйымдастырылды.
Су тасқынын болдырмауға арналған материалдар қоры қалыптастырылды: инертті материалдар, қапшықтар, полиэтилен пленкалары, тереңдеткіш құралдар мен жанар-жағармай материалдары, 756 бірлік автокөлік және мамандандырылған техника жоғары дайындық режиміне қойылды.
Демалыс және мереке күндері ықтимал төтенше жағдайларға жедел әрекет ету үшін арнайы бригадалардың кезекшілігі ұйымдастырылады. Су тасқыны жағдайы туралы ақпарат алмасу үшін «ҚазТрансОйл» АҚ жұмыс істейтін өңірлердегі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелерімен тұрақты байланыс орнатылған.
Барлық жерде су тасқыны жағдайында жұмыс істеу бойынша оқу-жаттығулар мен персоналға жоспардан тыс нұсқамалар өткізілді.
«ҚазТрансОйл» АҚ атап өткендей, соңғы жылдары, оның ішінде су тасқыны қаупі жоғары болған 2024 жылды қоса алғанда, компанияның магистральдық мұнай құбырлары жүйесі іркіліссіз жұмыс істеп, мұнайды ішкі және экспорттық бағыттар бойынша тасымалдауды штаттық режимде жүзеге асырды.
Бүгін, 17:06