Қазақстанның мұнайы неше жылға жетеді: ҚазМұнайГаз басшысы сандарды атады

05.11.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Қазақстанның мұнай қоры қанша уақытқа жетеді? Үкімет кулуарында бұл сұраққа "ҚазМұнайГаз" (ҚМГ) ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Асхат Хасенов жауап берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, "ҚазМұнайГаздың" расталған қоры 785 миллион тоннаға жетеді.

"Есептеуге ыңғайлы болу үшін қорды 800 миллион тонна деп дөңгелектейік. Егер жылына 26 миллион тонна өндірілсе, бұл 45 жылдан аса уақытқа жетеді", - деді Хасенов.

Ол ұлттық компания өзі қатысатын әрбір кен орны қорын техникалық және экономикалық тұрғыдан бағалайтынын нақтылады. Оларды мемлекеттік комиссия да бекітеді. Хасеновтің сөзінше, ҚМГ геологиялық барлау жұмыстарын жалғастырып, ресурс базасын толықтырып отырады.

"Бұрғылау жұмыстарын жүргізіп, мұнай көзін тапқан бойда оны бірден қорға қосамыз. Бұл деректер үнемі жаңартылып тұрады", - деп толықтырды ол.

Айта кетейік, бұл жерде елдегі барлық қор емес, тек "ҚазМұнайГаз" қоры туралы айтылып отыр. Ақпанда Геология комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қанат Ерубаев мемлекеттік есепте 4 миллиард тоннадан аса мұнай қоры бар екенін және қазіргі өндіріс көлемімен бұл шамамен 50 жылға жететінін хабарлаған болатын.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью