Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
2026 жылғы қаңтар–сәуір айларында Қазақстанның ЖІӨ өсімі 3,6%-ды құрады.
Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сілтей отырып, ҚР Ұлттық экономика министрлігі хабарлады.
Ведомство мәліметінше, жылдың алғашқы төрт айындағы экономиканың оң динамикасы базалық секторлардағы тұрақты өсім есебінен қамтамасыз етілді.
Өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индексі 102,1%-ды құрады. Өнеркәсіпті қалпына келтірудің негізгі факторы өңдеу секторының жеделдеуі болды, онда өндіріс 9,9%-ға өсті.
Машина жасау саласы бюойынша өсім – 23,3%. Көлік құралдарын, ауыл шаруашылығы және теміржол техникасын, электр тауары мен жабдығын шығару көлемін ұлғайту есебінен сақталады.
Жеңіл өнеркәсіп 2,3 есе өсті. Жиһаз өндірісі – 41,7%-ға, фармацевтика – 35,2%-ға, құрылыс материалдары – 27,7%-ға, химия өнеркәсібі – 18,4%-ға, азық-түлік өндірісі 14,4%-ға өсті.
Жалпы, жыл басынан бергі төрт айдағы экономиканың оң динамикасы базалық салалардағы тұрақты өсім есебінен қамтамасыз етілді.
Ең жоғары өсім қарқыны келесі салаларда тіркелді: құрылыс-114,5%, көлік және қоймалау – 112%, өңдеу - 109,9%,
сауда – 105,1%, ауыл шаруашылығы – 103,6%.
Осылайша, ЖІӨ-нің нақты өсімінің қазіргі құрылымы шикізаттық емес сектордың, атап айтқанда құрылыс, көлік, сауда және өңдеу өнеркәсібінің рөлін күшейтумен сипатталады.
Бүгін, 10:42