Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Синоптиктердің мәліметінше, батыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерде, сондай-ақ жекелеген күндері солтүстік пен шығыста атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады.
Елдің бірқатар аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында кей уақытта қатты жауын-шашын болжанады. Күндіз батыс және оңтүстік өңірлерде найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрып, жел күшеюі мүмкін.
Республика бойынша тұман түсіп, солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда көктайғақ сақталады.
Күндізгі ауа температурасы
– батыста +13…+23 градус,
– солтүстік пен шығыста +9…+14 градус,
– орталықта +10…+22 градус,
– оңтүстікте +18…+28 градус,
– оңтүстік-шығыста +12…+22 градус шамасында болады.