Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Түркістан облысындағы тасжолда белгісіз біреулер жүк көлігін қуалап, жүргізушіні тоқтауға мәжбүрлеген. Полицейлер күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қауіпті қуғын
Әлеуметтік желілерде Түркістан облысында мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ бес автокөліктің ауыр жүк көлігін қуалап, жүргізушіні тоқтауға немесе қауіпті маневр жасауға мәжбүрлеп, жолын бөгегені туралы ақпарат тарады. Желіде қауіпті қуғынның кадрлары да пайда болды.
Тергеу басталдыТүркістан облысы полиция департаменті ведомство қызметкерлері оқиғаға қатысы бар деген күдікпен үш адамды анықтап, ұстағанын хабарлады. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
"Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы, соның ішінде автокөліктің зақымдануы мен жолаушылардың біріне дене жарақатының салынуы анықталып жатыр", - деп мәлімдеді өңірлік ПД.
Полиция сонымен қатар жолдағы мұндай мінез-құлыққа жол берілмейтінін ескертті. Қоғамдық тәртіпті бұзатын және азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін кез келген құқыққа қайшы әрекеттерге құқықтық баға беріледі. Баспасөз қызметі кінәлілер заңда қарастырылған жауапкершілікке тартылатынын атап өтті.
Тағы оқыңыз: Жезқазғанда полицейлердің көлік қуған сәті видеоға түсіп қалды
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу