Zakon.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Алдын ала диагноз – шығу тегі анықталмаған гастроэнтерит.
"Қазіргі уақытта мамандар ауруға шалдыққандардан зертханалық талдауға сынамалар, сондай-ақ тағам үлгілерін алып, аурудың көзін анықтау жұмыстарын жүргізуде. Зерттеу нәтижелері күтілуде", – деп мәлімдеді Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Аталған дерек бойынша облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тексеру іс-шараларын жүргізіп жатыр. Сондай-ақ Меркі аудандық полиция бөлімі оқиғаны тіркеп, тексеру жұмыстарын бастады.
Ауруханаға жеткізілгендердің барлығы тұрақты медициналық бақылауда. Олардың жағдайы жеңіл, жалпы хал-жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда.
"Демалыс аймағында болған қалған 81 бала мен 13 жаттықтырушы медициналық тексеруден өтті. Ауру белгілері анықталған жоқ, алдын алу шаралары жалғасуда", – деп хабарлады Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Еске салсақ, бұған дейін Қаскелең қаласындағы Қаныш Сәтбаев атындағы №47 орта мектепте 9-сынып оқушысы қайтыс болған еді. Аталған дерек бойынша уәкілетті органдар тексеру және тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.