Қазақстанның оңтүстігінде тұтас бір аудан ішімдік сатудан бас тартты

06.06.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қызылорда облысының Жалағаш ауданында ауылдар ішімдік сатудан ерікті түрде бас тартты. Бұл туралы өңір прокуратурасы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қызылорда облысының Жалағаш ауданында ауылдар ішімдік сатудан ерікті түрде бас тартты. Бұл туралы өңір прокуратурасы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қадағалау органының мәліметінше, аудан прокурорымен өткен жеке кездесуде ақсақалдар, ауданның құрметті тұрғындары мен кәсіпкерлер ішімдіктерді сатудан бас тарту бастамасын қолдаған.

"Нәтижесінде жергілікті сауда орындарының иелері алкоголь өнімдерін өткізуден ерікті түрде бас тартуға келісім беріп, 14 ауылдық округ "Ішімдіктен ада ауыл" болып жарияланды", – делінген таратылған хабарламада.

Прокуратура өкілдерінің мәліметінше, қабылданған шаралар, ең алдымен, өскелең ұрпақты жат әдеттерден қорғауға, құқықбұзушылықтың алдын алу саласында оң нәтиже қалыптастыруға және заң мен қоғамдық тәртіпті сақтауға негізделген қауіпсіз қоғамдық орта құруға бағытталған.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью