Қазақстанның оңтүстігінде жол жөндеуге қатысты тендердегі айла әшкереленді

20.03.2026

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Жетісу облысы және Алматы қ. бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі департаменттері автомобиль жолдарын жөндеу бойынша мемлекеттік сатып алулар саласында бірлескен тергеп-тексеруді аяқтады.

Тергеп-тексеру барысында картельдік сөзбайласу белгілері анықталды. Атап айтқанда, «РСУ-1» ЖШС мен «АБЗ Карьер ДРСУ» ЖШС-нің конкурстарға қатысу кезінде келісілген әрекеттер жасап, баға ұсыныстарының қалыптасуына ықпал еткені белгілі болды.

Картельдік сөзбайласу фактісі расталды, ал монополияға қарсы органның әрекеттері заңды деп танылды. Сот шешімі заңды күшіне енді.

Қазіргі уақытта материалдар Жетісу облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне қылмыстық құқық бұзушылық белгілерінің бар-жоғын бағалау үшін жолданды.

Бүгін, 15:32

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью