Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Жүзге жуық лицензия жеңіп алдық.
Бірер күннен кейін Милан және Кортина қалаларында қысқы олимпиада ойындары басталады. Бұған дейін, байрақты бәсекеге 36 спортшымыз қатысатынын айтқан едік. Ал олар иеленген жолдамалардың жалпы саны 100-ге жуықтайды. Бұл жөнінде салаға жауапты министр Ербол Мырзабосынов мәлімдеді. Бір ерекшелігі 36 спортшының тең жартысы ерлер, тең жартысы әйелдер. Яғни 18 жігіт және 18 қыз ел намысын қорғайды. Олардың орташа жасы - 25. Ең жасы фристайл-акробатикадан сынға түсетін Асан Асылхан. Ол небәрі 16-да. Ал ең үлкені шорт-тректен ел намысын қорғайтын Абзал Ажгалиев. Оның жасы қазір 33-те. Ал ең тәжірибелі спортшы деп фристайл-могул шебері Юлия Галышеваны айтуға болады. Ол 4 бірдей олимпиадаға қатысты. Тіпті 2018 жылы қола жүлдегер атанды. Қалай болғанда да қазақстандық қыз-жігіттерден үлкен үміт күтіліп отыр. Өйткені қысқы Олимпиададан соңғы рет сол 2018 жылы ғана медаль алдық. Содан бері қоржынымызға жүлде түскен жоқ.
Ербол Мырзабосынов, ҚР Туризм және спорт министрі
Рыбакина жартылай финалға шықты
Рыбакина жартылай финалда. Австралияда теннистен жылдың басты бәскелерінің бірі жалғасып жатыр. Жаңа ғана қазақстандық Елена Рыбакин сенсациялық жеңіске жетті. Әлемдік рейтингте бесінші тұрған жерлесіміз екінші тұрған польшалық Ига Швёнтекпен кездескен болатын. Екі сеткен созылған ойын нәтижесінде Елена айқын басымдықпен ұтты. Қорытынды есеп: 7:5, 6:1.Әзірге оның келесі қарсыласы белгісіз. Белгілісі Australian Open турнирінің былтырғы чемпионы Мэдисон Киз жарыс жолынан шығып қалды. Сондықтан Еленада топ жаруға мүмкіндік бар. Австралиядағы жарыстың өзі бірінші ақпанға дейін жалғасады. Ал оның жалпы жүлде қоры 75 миллион АҚШ долларын құрайды. Әсіресе жеңіске жеткен теннисшіге 2 миллион 700 мың доллар және 2000 рейтингілік ұпай беріледі.
Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды
Карлос Адамес допинг дауына қарамастан Жәнібек Әлімханұлымен кездесуге дайын. Бұл жөнінде доминикандық боксшы The Ring журналына берген сұхбатында мәлімдеді. Карлос қазір WBC тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы. «Егер Жәнібекпен жұдырықтасар мүмкіндік туындаса, бірден келісе кетемін. Тіпті, қанынан табылған допинг те оған көмектесе алмайды. Яғни, оны жеңеріме сенімдімін. Егер күту керек болса, күтуге де дайынмын. Кәсіпқой мансаптарымыз ақяталғанша бір жекпе-жек болады деген үміттемін» - деді Карлос Адамес. Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы жуырда ғана допинг дауына тап болып, уақытша кәсіпқой рингтен шеттетілді. Десе де әлі WBO және IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы саналады. Аталмыш ұйымдар оны титулдан айыра ма, жоқ па, және кәсіпқой боксқа нақты қашан орала алады деген сұрақтардың жауабы жуырда ресми түрде жарияланады. Қазір қазақастандық бокс жанкүйекрлері осы шешімді тағатсыздана күтіп отыр.