Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Фестивальге Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Эстония, Вьетнам және Гонконгтан 5 мыңнан астам оқушы қатысты.
Марапаттау рәсіміне ҚР Премьерминистрінің орынбасары — Ақпараттық технологиялар және цифрлық даму министрі Жаслан Мадиев, «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Жақупов және салалық министрліктер мен ұйымдардың өкілдері қатысты.
Фото: Оқу-ағарту министрлігіҚР Премьер-министрінің орынбасары Жаслан Мәдиев жастардың инженерлік әлеуетін жоғары бағалап, атап өтті.
— Робототехниканы дамыту — еліміздің цифрлық трансформациясының маңызды бағыты. Бүгін біз тек конструкторлармен айналысып жүрген оқушыларды емес, болашақ инженерлер мен жасанды интеллект саласының мамандарын көріп отырмыз. Дәл осы дарынды жастар озық технологияларды өнеркәсіп пен мемлекеттік басқару саласына енгізіп, еліміздің жаһандық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттырады, — деді Мәдиев.
Фестиваль бағдарламасының негізгі бөлігі Central Asia FIRST Championship турнирінің қорытындысы бойынша 50 үздік команда анықталып, оларға ақшалай сыйлықтар мен білім гранттары берілді.
Фото: Оқу-ағарту министрлігіСонымен қатар, 16 үздік жеңімпаз-командалардан Қазақстанның ұлттық құрама командасы жасақталды. Ұлттық құрама командасы Хьюстон қаласында (АҚШ) өтетін FIRST Championship 2026 әлемдік финалында ел намысын қорғайды. Қалған жүлдегер-командалар Солтүстік Америка, Еуропа және Оңтүстік-Шығыс Азиядағы халықаралық турнирлерге жолдама алды.
Фото: Оқу-ағарту министрлігіҚазақстан ұлттық құрамасына келесі командалар енді:
FIRST LEGO League Explore: Alem Innovators;
FIRST LEGO League Challenge: FIZTEX, ToleBi Daryn, Tidal Tumble;
FIRST Tech Challenge: JelToqSun, TGJ, xCeption, SANA, KAP, Panheya, OVERTIME, Nomadic.Dragons.FTC, FIZMAT ROBOTICS, FoxSlide, MLP, Celestial.
Сонымен қатар, фестиваль аясында Alem Drone League, RoboCup Soccer, Physical AI Championship, RoboCup Rescue және Battle of Bots бағыттары бойынша жарыстар өткізілді.
Фото: Оқу-ағарту министрлігіІс-шараны Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен, USTEM Foundation қоғамдық қоры және «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырды. Серіктес ұйымдар ретінде ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Astana Hub халықаралық инновациялық кластері, сондай-ақ ҚР Қорғаныс министрлігі ат салысты.
Бұдан бұрын елордада 5000-нан астам оқушы робототехника сайысында күш сынасып жатқанын жазғанбыз.