Azh.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі жаңа тағайындаулар болғаны туралы хабарлады.
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының бұйрығымен сегіз өңірде Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы тағайындалды:
генерал-майор Балғабаев Ерболат Темірболатұлы – Маңғыстау облысы бойынша ;полковник Тюмелиев Еркін Амангелдіұлы – Ақмола облысы бойынша ;полковник Есенов Ерік Өмірбекұлы – Ақтөбе облысы бойынша;полковник Бөкешев Дастан Балтабайұлы – Жетісу облысы бойынша;полковник Құрақбаев Дархан Ғалымтайұлы – Қарағанды облысы бойынша;полковник Абулхаиров Бақытжан Рахманұлы – Павлодар облысы бойынша;подполковник Төлеутай Нұраби Рашидұлы – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша;подполковник Балғалиев Сабырғали Базарғалиұлы – Түркістан облысы бойынша.Кеше, 17:31