Қазақстанның шығысындағы өрттен әйел адам мен екі кішкентай бала қаза тапты

14.10.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Бобровка ауылында тұрғын үйде шыққан өрттен әйел мен екі бала қаза тапты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қайғылы оқиға сәрсенбі күні таңертең ауылдағы тұрғын үйлердің бірінде болған.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде, үй толығымен лаулап жатқан. Ғимараттың шатыры құлап кеткен, деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

"Тілсіз жауды ауыздықтау барысында әйел мен кәмелетке толмаған екі баланың мәйіті табылды. Өрт 63 шаршы метр аумақта толықтай сөндірілді", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Жергілікті тұрғындардың мәліметінше, қаза тапқан балалардың бірі бір жас жеті айлық, екіншісі үш жаста болған. Ауыл тұрғындарының айтуынша, бұл отбасы Бобровкаға жақында ғана көшіп келген, өрт кезінде әйелдің күйеуі жұмыста болған.

Мамандар өрттің шығу себебі мен оқиғаның мән-жайын анықтайды.

Еске сала кетейік, қыркүйекте Жетісу облысы Ескелді ауданы Бақтыбай ауылындағы жеке үйден шыққан өрттен үш кішкентай бала қаза тапқан еді. Өрт барак үлгісіндегі жеке үйде болды. Өрт кезінде анасы 13 жасар баласымен бірге ғимараттан шығып үлгерген.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар өртті сөндіру кезінде үйден бір, алты және сегіз жастағы балалардың мәйітін тауып, алып шықты.

Қарт ерлі-зайыпты қаза тапқан: Щучинскідегі өрт туралы не белгілі?

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью