Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
АСТАНА, 20 қазан – Sputnik. Қазақстан мен Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше басқа мемлекеттер арасындағы трансшекаралық төлемдер үлесі қазірдің өзінде шамамен 70%-ға жетті.
Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов Душанбеде өткен ШЫҰ Үкімет басшылары кеңесінің отырысында мәлімдеді.
Кеңес мүшелерін Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон қабылдады. Кейін шағын және кеңейтілген құрамдағы кездесулер өтті.
© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана Қазақстанның ШЫҰ елдерімен трансшекаралық төлемдеріндегі ұлттық валюта үлесі 70%-ға жетті
Қазақстанның ШЫҰ елдерімен трансшекаралық төлемдеріндегі ұлттық валюта үлесі 70%-ға жетті
© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана
"Қазақстан энергетикалық және су қауіпсіздігіне қатысты мәселелерді, соның ішінде 2030 жылға дейінгі энергетикалық ынтымақтастықты дамыту стратегиясын жүзеге асыру және ШЫҰ-ның су мәселелерін талдау орталығын құру мәселелерін көтерді", — делінген мәлімдемеде.
Үкімет басшылары экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамыту, соның ішінде халықаралық серіктестердің әлеуетін пайдалану мәселелерін талқылады.
© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана Қазақстанның ШЫҰ елдерімен трансшекаралық төлемдеріндегі ұлттық валюта үлесі 70%-ға жетті
Қазақстанның ШЫҰ елдерімен трансшекаралық төлемдеріндегі ұлттық валюта үлесі 70%-ға жетті
© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана
Кеңес мүшелері ШЫҰ-ның айтарлықтай экономикалық, адами және ресурстық әлеуетке ие, беделді халықаралық ұйым ретінде қалыптасқанын атап өтті.
"Әрбір мемлекетіміздің үдемелі дамуы бүкіл Шанхай ынтымақтастық ұйымының әлеуетін нығайта түседі. ШЫҰ ұсынатын экономикалық мүмкіндіктердің ауқымы өте зор. Біздің өңір – өндіріс, энергетика, азық-түлік және тұтыну нарықтарын қамтитын, жаһандық экономиканың негізгі орталықтарының бірі", – деп атап өтті Бектенов.
© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана Қазақстанның ШЫҰ елдерімен трансшекаралық төлемдеріндегі ұлттық валюта үлесі 70%-ға жетті
Қазақстанның ШЫҰ елдерімен трансшекаралық төлемдеріндегі ұлттық валюта үлесі 70%-ға жетті
© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана
Ол Қазақстан "Бір белдеу, бір жол" бастамасын аймақтағы қолданыстағы және болашақ көлік дәліздерімен ұштастыру бойынша жүйелі диалог орнатуды, сондай-ақ 2035 жылға дейінгі көлік байланысы стратегиясы аясында бірыңғай көлік жүйесін дамытудың негізгі бағдарларын айқындауды ұсынды.
"Жүк тасымалдау көлемін жылына 10 миллион тоннаға дейін арттыру жоспарланып отырған Транскаспий халықаралық көлік бағыты нақты ынтымақтастық алаңдарының бірі бола алады", — деді Бектенов.
© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана Қазақстанның ШЫҰ елдерімен трансшекаралық төлемдеріндегі ұлттық валюта үлесі 70%-ға жетті
Қазақстанның ШЫҰ елдерімен трансшекаралық төлемдеріндегі ұлттық валюта үлесі 70%-ға жетті
© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана
Цифрландыру мәселесіне қатысты Үкімет басшысы жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықты кеңейту және технологиялық шешімдермен алмасу перспективаларын атап өтті.
"Біз озық цифрлық экономика мен жасанды интеллектінің өңірлік хабын құру бағытын ұстанып отырмыз. Соңғы бес жылдың өзінде IT-қызметтер экспортымыз 34 есеге артып, 1,1 миллиард долларға жетті. Бұл – қазақстандық цифрлық шешімдердің бәсекеге қабілеттілігінің артып келе жатқанын көрсететін айтарлықтай көрсеткіштер. Біз қол жеткізілген нәтижелерді сақтап қалуға және ШЫҰ аймағында цифрлық хаб ретінде қызметтерімізді ұсынуды жалғастыруға толықтай ниеттіміз", – деді Бектенов.
Сондай-ақ ол мүше мемлекеттердің технологиялық және сараптамалық әлеуетін біріктіруге бағытталған, ШЫҰ аясында жасанды интеллект орталықтарының желісін құру жөніндегі бастаманы ұсынды.