Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Солтүстік Қазақстан облысында су тасқыны қаупі сейілді. Гидрологтардың айтуынша, қазір өңірдегі жағдай тұрақты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Жетінші арна" сюжетіне сілтеме жасап.
Солтүстік Қазақстан облысында су тасқыны қаупі сейілді. Гидрологтардың айтуынша, қазір өңірдегі жағдай тұрақты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Жетінші арна" сюжетіне сілтеме жасап.
Облыстың су қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі нысандардың бірі - Сергеев су қоймасы қазіргі уақытта 96 пайызға толған. Материалда былтыр дәл осы уақытта мұндағы су деңгейі шекті межеден шамамен бір метрге асып кеткені көрсетілген.
Соңғы күндері өңірде күн айтарлықтай жылынып, қар жамылғысының жартысынан астамы еріп кетті. Дегенмен өзендер мен көлдердегі мұз әлі толық кете қойған жоқ. Сондықтан мамандар қауіпті аймақтарда аэровизуалды мониторинг жүргізіп, ал жауапты қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.
"Негізгі гидрологиялық болжамға сәйкес, Сергеев су қоймасынан келетін су мөлшері 2,6 миллиард текше метрге дейін болады деп күтіледі, бұл былтырғы көрсеткіштен 26 пайызға аз. Қазір қар қарқынды еріп жатыр, барлық бақылау бекеттеріміз бойынша қар биіктігі мен ондағы су қоры азайып келеді, соның салдарынан автожолдарды су басуы және жол үстінен су жүруі мүмкін", - деді "Қазгидромет" филиалының бөлім бастығы Дәурен Қосшығұлов.
Телеарна мәліметінше, Петропавлдың бірнеше ауданында жедел штабтар құрылған. Жалпы, елді мекендерден 900 мың текше метрден астам қар шығарылды.
Бұған дейін ТЖМ Солтүстік Қазақстанның су айдындарында тасқынның алдын алу үшін мұз жарылып жатқанын хабарлаған болатын.