Қазақстанның су энергетикалық ресурстар картасы әзірленіп жатыр | Qazaq24.com
Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
– Платформа гидрологиялық, жер бедері, инфрақұрылымдық және құқықтық деректерді біріктіріп, оңтайлы жобалық шешімдерді қалыптастыруға, болашақ станциялардың параметрлерін есептеуге және жобалауға дейінгі дайындық мерзімдерін қысқартуға мүмкіндік береді, – деді Энергетика министрі.
Өз кезегінде Су ресурстары министрі Нұржан Нұржігітов мемлекеттік су шаруашылығы саясатының ұзақ мерзімді жоспарлау құжаттарын әзірлеп жатқанын жеткізді.
Бұл құжаттарда су балансы жаңартылып, елдің гидроәлеуетіне баға беріледі.
– Бірінші кезеңде су ресурстарын қорғау және пайдалану жөніндегі бассейндік жоспарлар әзірленеді, оларды 2026 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.
Бассейндік жоспарлар әзірленген соң, су ресурстарын интеграцияланған басқарудың Бас жоспарын әзірлеу басталады.
Оны 2027 жылдың 3-ші тоқсанында аяқтауды жоспарлап отырмыз, – деді Су ресурстары министрі.
Болжамды су балансы бекітілгенше министрлік Энергетика министрлігі және жеке инвесторлармен бірлесіп, ГЭС және ГАЭС құрылысы бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.
Читать полностью
Читать новость