Қазақстанның тағы бір қаласында құқық бұзушылықтарды анықтауға көмектескені үшін ақша төленеді

13.08.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Шымкентте құқық бұзушылықтарды анықтауға және оның алдын алуға көмектескен азаматтарды ынталандырудың жаңа ережелері әзірленіп жатыр. Әкімдік өкілдері Tengrinews.kz-ке бұл бастаманың қалай жүзеге асатынын айтып берді.

Шымкентте не жоспарланып отыр?

Шымкент әкімдігі редакцияның ресми сауалына берген жауабында қазіргі уақытта билік құқық бұзушылықтың алдын алуға атсалысқан азаматтарды көтермелеу ережелерін әзірлеп жатқанын хабарлады. 2026 жылғы 7 тамызда жоба Әділет министрлігімен келісілді.

Ережелерде көтермелеудің бірнеше түрі қарастырылған:

алғыс жариялау; грамотамен марапаттау; ақшалай сыйақы төлеу; білім беру және біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша оқуға жіберу; ұйымдар мен кәсіпорындарға көтермелеу туралы ұсынымдар жолдау; құқық бұзушылықтың алдын алуға елеулі үлес қосқан тұлғаларды мемлекеттік наградаларға және құрметті атақтарға ұсыну. Қанша қаражат бөлінген?

Қала тұрғындарына төлем жасау үшін бюджеттен 3 460 000 теңге бөлінген. Тіпті, тұрғындардың бір бөлігі ақшаны алып та үлгерген.

"Шымкент Полиция департаменті бастығының 2026 жылғы 21 шілдедегі бұйрығы негізінде құқық бұзушылықтарды анықтауға қатысқан 50 азаматқа айлық есептік көрсеткіштің он еселенген мөлшерінде ақшалай сыйақы төленді", – делінген әкімдік жауабында.

2026 жылы бір АЕК 4 325 теңгеге тең. Осылайша, 50 тұрғынның әрқайсы 43 250 теңгеден алған.

Бұл ретте әкімдік бұл соманың тұрақты не өзгеретінін нақтыламады.

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

Алматыда Яссауи көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 18:39 1

Бұған дейін не болды?

Бұған дейін Астанада азаматтарды ынталандырудың жаңа ережелері бекітілген болатын. Әкімшілік құқық бұзушылықты фото немесе видеоға түсіріп, материалдарды мемлекеттік органдарға берген елорда тұрғындары ақшалай сыйақы ала алады.

Ең жоғары төлем 20 АЕК (2026 жылы 86 500 теңге) болады. Ақша құқық бұзушылық расталып, қаулы күшіне енгеннен және құқық бұзушы айыппұлды толық төлегеннен кейін төленеді.

Бұл ретте хабарлама бірегей болуы тиіс: өтініш берілген сәтте бұл заңбұзушылық бұған дейін камералар, полиция немесе басқа да лауазымды тұлғалармен тіркелмеген болуы шарт. Анонимді хабарламалар үшін сыйақы қарастырылмаған. Толығырақ осы жерден оқыңыз.

17 миллион теңгеге дейін: жемқорлық туралы хабарлаған қазақстандықтарды қалай ынталандырады?

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью