Қазақстанның тұңғыш мүфтиі Рәтбек қажы Нысанбайұлы өмірден өтті: 16 қаңтар 2026, 10:41 жаңалықтар

16.01.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Қазақстанның тұңғыш мүфтиі Рәтбек қажы Нысанбайұлы қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанның тұңғыш мүфтиі Рәтбек қажы Нысанбайұлы қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаралы хабарды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы растады.

"Өзімнің және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұжымы атынан марқұмның отбасына, туған-туыстарына, еліміздегі барша мұсылман қауымына көңіл айтамын. Марқұмның мәңгілік мекені жәннат болғай", - деді ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Рәтбек қажы Нысанбайұлы 1940 жылы қарашада Түркістан облысында дүниеге келген. ҚазПИ-дің тарих факультетін бітірген. 1964 жылы Бұхарадағы "Мир-Араб" медресесін және Бұхара педагогикалық институтын тәмамдаған. 1969-1975 жылдары Ливия университетінің Шариғат және құқық факультетінде оқып, жоғары діни білім алған.

1990 жылғы 12 қаңтарда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасын құрып, бас мүфти болып сайланған. Рәтбек қажы 2000 жылға дейін Діни басқарманы басқарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью