Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Ғылым және жоғары білім министрлігі мәліметінше, бірінші күннің басты оқиғасы министрдің Bett UK 2026 — Leading EdTech көрмесіне қатысуы болды.
Бұл — білім беру технологиялары саласындағы ең ірі халықаралық платформалардың бірі.
Көрме жыл сайын мемлекеттік органдардың, білім беру мекемелерінің, технологиялық компаниялардың және сарапшы қауымдастықтардың өкілдерін жинап, білімнің болашағы, оқу процесінің цифрлық трансформациясы, жасанды интеллектіні енгізу және инновациялық шешімдерді қолдану мәселелерін талқылауға мүмкіндік береді.
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі 21 қаңтарда Лондонда ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ұйымдастыруымен Қазақстанның ұлттық павильонының ашылу рәсімі өтті.
Ұлттық павильон жоғары және одан кейінгі білім жүйесін дамытудағы басым бағыттарды көрсетуге арналған алаңға айналды.
Мұнда білім беру процестерін цифрландыру, жасанды интеллект негізіндегі шешімдерді енгізу, ғылыми зерттеулерді дамыту және халықаралық академиялық ынтымақтастықты кеңейту сияқты бағыттар таныстырылды.
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі Павильон жұмысына 9 қазақстандық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы қатысып, өздерінің академиялық бағдарламаларын, ғылыми-зерттеу жобаларын және шетелдік серіктестермен бірлескен білім беру және ғылыми бастамаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін ұсынды.