Қазақстанның үш облысында су қоймаларына шағын СЭС салу жоспарланған

26.03.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

АСТАНА, 26 наурыз – Sputnik. Су ресурстары және ирригация министрлігінің "Қазсушар" мекемесі Қарағанды облысындағы Самарқанд су қоймасында, Ақтөбе облысындағы Қарғалы су қоймасында және Абай облысындағы Қаракөл су қоймасында шағын су электр станцияларын (СЭС) салу бойынша жобалау-сметалық құжат әзірлеп жатыр.

Қазіргі уақытта үш жоба да мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр. Сондай-ақ тағы бес нысан бойынша жобалау-сметалық құжат әзірленді.

"Оның ішінде үш жоба жеке инвесторларды тарту арқылы жүзеге асырылады. Бұл жұмыстар былтыр қыркүйек айында қабылданған "Қазсушар" РМК-ның гидротехникалық құрылысжайларында шағын СЭС дамыту жөніндегі Жол картасы аясында жүргізіліп отыр", - деп жазлы министрлік.

Қазіргі таңда шағын СЭС орнатуға жарамды 29 нысан іріктеліп алынған.

"Жол картасын іске асыру нәтижесінде "Қазсушар" РМК-ның гидротехникалық нысандарында жыл сайын өндірілетін электр энергиясының жалпы көлемі 30 МВт-қа жетеді. Қазіргі уақытта кәсіпорын теңгерімінде үш шағын СЭС бар. Олар Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев гидроторабында, Қарағанды облысындағы Ынтымақ су қоймасында және Қорғас өзеніндегі "Достық" гидроторабында орналасқан", - деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью