Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Агенттіктің ресми сауалына берілген жауапта алтыншы ғарыш бағдарламасы қолданбалы тиімділікке басымдық бере отырып пысықталу үстінде екені айтылады.
— Қазіргі уақытта Қазақстанның ғарыштағы ғылыми зерттеулер мен сынақтардың алтыншы бағдарламасының жобасы мүдделі ұйымдардың қатысуымен пысықталу үстінде. Бағдарлама заманауи технологиялық мүмкіндіктерді, халықаралық ғарыш саласындағы қазіргі үрдістерді және қолданбалы ғылыми зерттеулерді дамыту басымдықтарын ескере отырып қалыптастырылып жатыр, — деді комитеттен.
Ведомствоның мәліметінше, «бағдарламаның негізгі бағыты экономикаға қажет қолданбалы нәтижелерге бағдарланған», ал «бағдарламаның түпкілікті параметрлері, оның ішінде мазмұны мен ықтимал қаржыландыру көздері» барлық келісу рәсімі аяқталғаннан кейін белгіленеді.
Осыдан бұрын Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған зымырандарды 7,5 мыңнан астам турист тамашалағанын жаздық.