Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады.. АСТАНА, 20 қаңтар – Sputnik.
Қасым-Жомарт Тоқаев бір палаталы парламенттің құрылымын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бүгінде осы мәселе бойынша құрылған жұмыс топтары өз ұсыныстарын әзірлеп қойды.
Ал президент ұлттық құрылтайдың бүгінгі отырысында бір палаталы парламентті құруға қатысты негізгі бастамаларды жариялады.
Олар:бір палаталы парламентті "Құрылтай" деп атау;депутаттардың саны - 145 адам;төрағаның үш орынбасары;құрылымын 8 комитеттен асырмау;бір палаталы парламенттің келісімімен конституциялық сот, жоғары аудитордық палата мен сайлау комиссиясының мүшелерін тағайындау;президенттің ұсынысымен жоғарғы сот судьяларын сайлау.Ал бір палаталы парламент мүшелері пропорционалды жүйемен, яғни, партиялық тізіммен сайланады.Сонымен қатар жаңа парламентте президент квотасы немесе Қазақстан халқы Ассамблеясының квотасы болмайды.
Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.