Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
— Сөзімді қазақтың «жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас» деген мақалымен бастауға рұқсат етіңіздер. Бүкіл әлемде энергия қауіпсіздігі түсінігі түбегейлі өзгеріп жатыр. Геосаяси белгісіздік экономикалық құбылмалылықпен және сауда ағындарының бұзылуымен ұштасып, энергия тиімділігінің, өңірлік ынтымақтастық қажеттілігі мен таза энергияға көшу үдерісін жеделдету маңыздылығын арттыра түсуде. Климаттық қысымдар, соның ішінде су тапшылығы, қоршаған ортаның ластануы және сұраныстың қарқынды өсуі қазба отынға тәуелді бытыраңқы жүйенің ендігі уақытта жеткіліксіз екенін айқын көрсетіп отыр, - деді еуропалық банк өкілі.
Осы орайда ол жаңартылатын энергия өндіруде Орталық Азия өңірінің әлеуеті орасан екенін атап өтті.
— Тек Қазақстанның өзінде техникалық тұрғыдан пайдалануға болатын 900 ГВт-тан астам жел энергиясы әлеуеті бар. Өзбекстанда жаңартылатын энергияны қазіргі тұтынудан төрт есе көп өндіруге болады. Ал Қырғызстан су энергетика саласында үлкен мүмкіндіктерге ие. Біз таза энергияның түрлі көздерін пайдаланып, осы әлеуетті өңірлік тұрақтылыққа айналдыруымыз керек, - деді Хусейн Озхан.
Өткен жылғы мәліметке сәйкес, жел электр станциялары (ЖЭС) ЖЭК нысандарының жалпы қуатында ең үлкен үлесті алады — шамамен 3 ГВт ішінен 1,5 ГВт астамы жел энергетикасына тиесілі.