Қазақтың дәстүрлі Ою өрнегі ресми түрде ИСЕСКО ның Ислам әлемі мұралары тізіміне енді

13.02.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Тиісті шешім 11 ақпанда өткен ИСЕСКО Ислам әлемі мұралары комитетінің 13-сессиясында қабылданды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ою-өрнек – мәдени бірегейлігіміз бен тарихи сабақтастығымызды нығайтуға ықпал ететін негізгі этномәдени код.

Ою-өрнектің ИСЕСКО-ның беделді тізіміне енуі – Қазақстанның материалдық емес мәдени мұрасын халықаралық деңгейде ілгерілетудегі маңызды қадам.

Бұған дейін, яғни 2023 жылы ИСЕСКО тізіміне түркі өркениетінің басты нышандарының біріне айналған дәстүрлі «Тоғызқұмалақ» ойыны қосылған болатын.

Президенттің Ұлттық құрылтай отырыстарында берген тапсырмаларына сәйкес, Қазақстанның мәдени мұра нысандарын ЮНЕСКО және ИСЕСКО тізімдеріне енгізу жұмысы жалғасатын болады, - деді Ерлан Қарин.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью