ҚазАвтоЖол компаниясы жол құрылысындағы жемқорлықты анықтады

14.07.2026

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Фото: kz.qaj.kz (архив)

Сонымен қатар «ҚазАвтоЖол» жүргізген қызметтік тергеп-тексеру материалдары мен аудиторлық тексеру нәтижелері негізінде Көкшетау көлік прокуратурасы «ҚАЖсервис» ЖШС Ақмола облыстық филиалының лауазымды тұлғаларына қатысты Қылмыстық кодекстің 250-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеді. Алдын ала анықталған залал көлемі 24 млн теңгеден асады.

Елімізде жол құрылысына бөлінген бюджет талан-таражға түскен

«2025 жылғы шілдеден бастап «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес техникалық және авторлық қадағалау мамандары мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілді. Осыған байланысты оларға заңнамада көзделген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен жауапкершілік қолданылады», делінген хабарламада.

«ҚазАвтоЖол» жол құрылысы нысандарындағы сыбайлас жемқорлық, қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану немесе өзге де заңсыз әрекеттердің әрбір фактісі құқық бұзушының лауазымына, мәртебесіне немесе қай ұйымның атынан әрекет ететініне қарамастан, құзыретті органдарға берілетінін ескертеді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің учаскесін қайта жаңарту бойынша келісімге қол қойылды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью