Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Фото: istockphoto.com
Атап айтқанда, Павлодар облысының Ақтоғай, Ертіс, Железин, Успен, Шарбақты және Май аудандарында, Қарағанды облысының Ақтоғай, Бұқар жырау, Осакаров, Нұра, Қарқаралы және Шет аудандарында құрғақшылық байқалуы мүмкін.
Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының Зайсан, Үлкен Нарын, Күршім, Марқакөл, Тарбағатай аудандары мен Өскемен және Шемонаиха маңында, Абай облысының бірқатар ауданында да осындай жағдай болжанып отыр.
Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарының жекелеген аудандарында да орташа құрғақшылық күтіледі.
Отандық ғалымдар құрғақшылыққа төзімді дақылдарды ойлап тапты
Ал кейбір өңірлерде ылғал деңгейі қалыпты болады деп болжанып отыр. Атап айтқанда, Қостанай облысының Қарабалық және Жітіқара аудандарында, сондай-ақ Ақтөбе облысының Мәртөк, Ойыл, Хромтау аудандарында және Ақтөбе қаласында орташа ылғал сақталады деп күтіліп отыр.
Мамандар ауа райы жағдайына байланысты ауыл шаруашылығы саласында сақтық шараларын күшейтуді ұсынады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Үкімет отырысында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев құрғақшылық болуы мүмкін аймақтарды атаған еді.