Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
«Қазгидрометтің» болжамы бойынша, Қазақстан аумағының көп бөлігінде ауа райы жауын - шашынсыз болады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Еліміздің солтүстігі мен шығысында ғана жаңбыр жауып, кей жерлерде қар жаууы мүмкін. Республика бойынша жел мен тұман күшейеді деп күтілуде.
Еліміздің мегаполистеріндегі ауа райы:
Астанада көшпелі бұлт шығып, жауын - шашынсыз, түнде ауа температурасы -2-4 °C, күндіз +8-10 °C болады.
Алматыда көшпелі бұлт шығып, жауын-шашынсыз, түнде ауа температурасы +6-8 °C, күндіз +16-18 °C болады.
Шымкентте күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде ауа температурасы +2-4 °C, күндіз +21-23 °C болады.